Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта "Ағылшын тілі-ынтымақтастық пен болашақ кілті"атты ағылшын тілі айлығының жоспары бойынша 5 "б"сынып жетекшісі,пән мұғалімі Айсана Қаржаубекқызы 16 қазан -Әлемдік нан күніне орай жәрмеңке өткізіп,ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.Нан-әлемдегі ең танымал өнімдердің бірі екенін дәріптеп, баршаға денсаулық,өркендеу,жетістік тіледі. Жоспар аясында пән мұғалімі Дүйсебай Нұрсұлу 6"г" сыныбында үлгілі ашық сабақ берді.Ұстаз цифрлық платформаларды меңгеріп, тиімді пайдалана отырып,сабақ мақсатына жетті.Жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздың шәкірттері де білімдерін көрсетіп,белсенділік танытты.
Жаңалықтар
