Тіліңізді таңдаңыз

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында

Мектеп директоры Е.Қ. Серікбаевтың бастамасымен «Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат» КММ-де кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасын табуда.

Жоба аясында мектеп директоры Е.Қ. Серікбаев Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабын оқып, ұжыммен бірге талқылады.

Тағылымды кездесуде еңбектегі бала тәрбиесі, ұстаздың рөлі, дене және рухани тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар кітап мазмұнына талдау жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі – тәрбие мәселесін жан-жақты қарастырып, ұлттық тәрбиенің маңызын айқындаған құнды мұра. Автордың педагогикалық ойлары бүгінгі білім беру үдерісімен сабақтастырылып, еңбектің тәрбиелік мәні ерекше атап өтілді.

Кітап оқу – ойды тереңдетіп, рухани дүниені байытып, білімге бастайтын жол. Ал кітапты бірге оқу, бірге талқылау – ортақ ой қалыптастырып, кәсіби ізденісті арттыратын тағылымды үрдіс.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – білім мен тәрбиені, руханият пен ізденісті тоғыстыратын игі бастама. Жоба аясындағы тағылымды кездесулер өз жалғасын таба берсін!