Тіліңізді таңдаңыз

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

ҮШ ТІЛ – ҮШ ӘЛЕМ, БІР МАҚСАТ!

ҮШ ТІЛ – ҮШ ӘЛЕМ, БІР МАҚСАТ!

Мектебімізде өтіп жатқан Үш тілдер апталығы аясында үш бірлестік жетекшілері өзара бірлесе жұмыс атқарып, апталық жоспарына сәйкес берілген тапсырмаларды уақытылы әрі жүйелі түрде орындауда.

Бүгін оқушылардың үзіліс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында «Тілдер кубигі» ұйымдастырылды. Оқушылар кубикті лақтыру арқылы әртүрлі тілдік тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен шапшаңдықтарын сынады.

Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, үш тілге деген қызығушылықтарын арттырды. Мұндай танымдық ойындар оқушылардың тілдік қорын молайтып қана қоймай, олардың еркін сөйлеуіне, ойлау қабілетін дамытуға және өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.

Үш бірлестік – бір мақсат, бірлікпен атқарылған жұмыс – сапалы нәтиже!

Тіл – халықтың жаны, ұлттың рухы.

Үш тілді меңгеру – білімді ұрпаққа бастар жарқын жол!