Тіліңізді таңдаңыз

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

БІЛІМ ДОДАСЫ: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ!

БІЛІМ ДОДАСЫ: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ!

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 2026 жылдың қыркүйек айының 14 жұлдызы күні 9–11 сынып оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.

Білім бәйгесі Отырар аудандық білім бөлімінің 08.09.2026 жылғы №205 бұйрығы және мектептің 11.09.2026 жылғы №249 бұйрығы негізінде ұйымдастырылды.

Олимпиадаға қатысқан оқушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сынап, өздерінің пәнге деген қызығушылығы мен ізденісін көрсетті.

Бұл кезең оқушылар үшін тек білімдерін тексеру ғана емес, сонымен қатар өз мүмкіндіктерін бағалап, жаңа мақсаттар қоюға, талдау және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берген маңызды баспалдақ болды.

Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, олимпиаданың әділ әрі жүйелі өтуіне пән мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері атсалысты.

Мектепішілік кезең қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар іріктеліп, алдағы аудандық олимпиада кезеңіне дайындық жұмыстарына бағытталды.

Әрбір қатысушының ізденісі мен талпынысы – үлкен жетістіктердің бастауы!

Олимпиадаға қатысқан барша оқушыларға алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық кезеңде сәттілік тілейміз! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Білімге ұмтылыс – жетістікке бастар жол!