Тіліңізді таңдаңыз

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

АТА -АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ.

АТА -АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ.

Мектебімізде 2026 жыл қыркүйектің 11 жұлдызында ата-аналармен бірлескен маңызды мәселелерді талқылауға арналған *ата-аналар жиналысы* өтті.

Жиын барысында ата-аналарға бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті тақырыптар ұсынылды.

Жиналыс барысында мектеп директоры Е. Серікбаев қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленген Отбасы мерекесімен құттықтау сөз айтып, оқу жылының ерекшеліктерін атап көрсетті. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Жақашева «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбында баяндамасында балалар күн тәртібі, мектеп формасы және жеке қауіпсіздік ережелері жөнінде таныстырып, алдағы уақытта балалар қауіпсіздігіне әр бір ата -ана үлкен жауапкершілікпен қарауын ескертті. Мектеп психологы Л. Төлегенова «Балалар буллингі, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керек?» тақырыбында тренинг жүргізді.

Тренинг барысында ата-аналар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, баланың психологиялық жағдайына көңіл бөлу және қиын жағдайда оған дұрыс қолдау көрсету жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.

Жиын соңында ата-аналар өзара пікір алмасып, бала қауіпсіздігі мен сапалы тәрбие бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

**Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік!**

Балаға қолдау көрсету, оны тыңдау және қауіпсіз орта қалыптастыру – әр отбасы мен мектептің басты міндеті.