Пән: Цифрлық сауаттылық
Тақырып: Желіде тілдесу.
"Желідегі қауіпсіздік " челленждің мақсаты- балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық, және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай -ақ жасөспірім өз ортасында достық, сенім өзара көмектесу құндылықтарын нығайту.
Бүгінгі сабақта оқушылар интернет желісі мен әлеуметтік желілердің маңызын талқылап, қауіпсіздік ережелерін еске түсірді.
Интерактивті тапсырмалар арқылы интернеттегі дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратуды үйренді.
Оқушылар топтық және жұптық жұмыстар орындап, қызықты онлайн тапсырмаларды орындады.
Сабақ соңында “Интернетті қауіпсіз пайдалану” бойынша қорытынды жасап, өз пікірлерін білдірді.