Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Жасөспірім оқушылардың девиантты мінез-құлқын түзету жұмыстары

Жасөспірім оқушылардың девиантты мінез-құлқын түзету жұмыстары

Мектебімізде жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу және түзету мақсатында психологиялық-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Девиантты мінез-құлық – қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін әрекеттер. Оның көріністеріне агрессия, тәртіп бұзу, сабаққа немқұрайлы қарау, конфликтілік мінез, тәуекелді әрекеттер жатады. 5-6 сынып оқушыларына топтық психологиялық кеңестер берілді. Негізгі мақсат – оқушыны жазалау емес, оның ішкі күйін түсіну, қолдау көрсету және оң мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.