“Адал ұрпақ - жарқын болашақ” жобасы аясында “Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ-нің 1“В” сынып оқушылары сынып жетекшісі Садық Нұргүлдің бастамасымен “Жақсылық жасап жарысайық” атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: балаларды жақсылық, қайырымдылық жасауға үйрету.
Игі іс соңы ауылымыздағы мұқтаж отбасыға азық-түлік табыстаумен аяқталды. Балалар жақсылық жасай отырып, үлкен алғыс алып қайтты.





