Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында Республикалық жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін"Махамбет оқулары"байқауының аудандық кезеңі өтті.

Бүгін 19.09.2025жылы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында Республикалық жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін"Махамбет оқулары"байқауының аудандық кезеңі өтті.

Шараға қатысқан оқушылар қазақтың өр рухты ақыны,батыр жыршысы Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын дәріптеп,жыр -дастандарынан үзінділер оқып,поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Байқаудың мақсаты-жас ұрпақты отансүйгіштікке,ерлік пен елдікке тәрбиелеу.Махамбет мұрасын насихаттау

Қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып,шешендік өнерлерін,шығармашылық қабілеттерін танытты.

Жеңімпаздар облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.

Барлық қатысушыларға алғыс айтып,озық шыққандарды құттықтаймыз.