Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ

«Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ

«Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ
📌 Педагогтердің бос лауазымына тағайындау үшін конкурс !!!
📌 Түркістан облысының білім басқармасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: (индексі -160700) Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Ә.Жылқышиев көшесі, 11-үй, анықтама үшін телефон номері: (87254421506), электрондық поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» педагогтерді бос лауазымға орналасуға төмендегі штаттық бірлік бойынша конкурс жариялайды:
1. «Көркем жазу» үйірме жетекшісі – 0,5 бірлік (тұрақты.)
* Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына, біліктілік санатына қарай сәйкес төленеді.
* Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығының талаптарына сәйкес.
* Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; (№57 бұйрықтың 3-қосымша)
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) №57 бұйрықтағы 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
ЕСКЕРТУ: құжаттарды электронды түрде қабылдау 7 жұмыс күн ішінде.