Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

"Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ -де «Құндылыққа негізделген білім берудегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында облыстық семинар - тренинг өткізілді

Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ - нің жылдық жоспарына сәйкес "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ -де «Құндылыққа негізделген білім берудегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында облыстық семинар - тренинг өткізілді. Семинар -тренинг мақсаты: Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерту, құндылыққа негізделген білім берудің маңызын тәжірибе арқылы меңгерту және өмірлік жағдайларда қолдануға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді дамыту болды.

Семинар - тренингке облыс көлемінде аудандық білім бөлімдерінің білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп-интернат жатақхана меңгерушілері қатысты. Семинарда "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылықтар мен тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне

бағытталған сынып сағаттарының мазмұны арқылы, және негізгі оқу пәндеріне құндылықтарды кіріктіру, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту және оларды

бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тартуда жасанды интеллектінің рөлі мен платформаларды түсіндіру, талқылау мақсатында пәндік сабақтар, "Ата - аналарды қолдау орталығымен жүргізілетін" шараларға дискуссия, қауіпсіздік сабақтары, шебер сынып, сыныптан тыс іс - шаралар , инклюзивті білім беруде ата -анамен жұмыс жүргізу тақырыбында дискуссия өткізіліп тәжірибе алмасу болып, шара соңында атқарылған жұмыстарға кері байланыс беріліп келген әріптестер өз ризашылықтарын білдірді.