Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

“Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ-де “Балдаурен” бастауыш әдіс бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес “Шаршаудан – шабытқа дейін” тақырыбында арт-терапиялық тренинг өткізілді.

“Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ-де “Балдаурен” бастауыш әдіс бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес “Шаршаудан – шабытқа дейін” тақырыбында арт-терапиялық тренинг өткізілді.

Тренинг барысында ұстаздар түрлі шығармашылық тапсырмалар орындап, өз көңіл-күйлерін сурет арқылы бейнелеп, бір-бірімен еркін пікір алмасты. Тренингте “Көңіл-күй палитрасы”, “Шаршау бұлты”, “Сәйкесін тап”, “Үнсіз бейне”, “Мен суретшімін” атты әдіс-тәсілдер қолданылды.

Тренинг соңында қатысушылар өздері салған суреттерін әріптестеріне естелік ретінде сыйға тартты. Арт-терапия арқылы мұғалімдер күнделікті жұмыстан жиналған шаршауды жеңілдетіп, жағымды эмоция алып, шығармашылық шабыттарын арттырды.

Мақсаты: мұғалімдердің эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, күйзелістің алдын алу, шығармашылық белсенділігін дамыту және ұжымдағы жағымды қарым-қатынасты нығайту.

Тренинг өте әсерлі әрі пайдалы өтіп, ұстаздарға жаңа серпін мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.