Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат» КММ-де ауқымды семинар өтті!

«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат» КММ-де ауқымды семинар өтті!

«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат» КММ-де ауқымды семинар өтті!

1 сәуір күні Отырар ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат» КММ-де өте маңызды топтық семинар өтті.

Семинардың өзекті тақырыптары:

Аудан көлеміндегі алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу.

Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың және ерте жүктіліктің алдын алу.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу.

Күн тәртібі:

Аудан көлеміндегі алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу.

Баяндамашы: Отырар АПБ КПБ-нің бастығы, полиция капитаны Ә.Сейдехан

Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың жай-күйі, ерте жүктіліктің алдын алу.

Баяндамашы: Отырар АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты З.Надирова

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың және нашақорлық, лудоманияның алдын алу.

Баяндамашы: Отырар АПБ ЖПҚб ЮПТ аға УПИ-ры, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев

Қатысушылар: Семинарға 122 маман қатысты, оның ішінде жоғарыда аталған Отырар АПБ қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері.

Семинар барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды қоршаған ортадағы қауіптерден қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері жан-жақты талқыланды.