Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лецей- интернатының 4 «Б» сынып оқушылары арасында «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лецей- интернатының 4 «Б» сынып оқушылары арасында «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды жол жүру ережелерімен таныстырып, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру, сақтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар жол белгілерімен танысып, түрлі жағдаяттарды талдап, сұрақ-жауап, ойын элементтері мен бейнероликтер арқылы өз білімдерін бекітті. Тәрбие сағаты балалардың белсенді қатысуымен қызықты әрі мазмұнды өтті.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың өмірлік қауіпсіздік негіздерін меңгеруіне және тәртіпті азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Сынып тәрбиешісі: Төкеш Роза