Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Ө.Жәнібеков атындағы № 4 лицей- интернатында тақырыптық жоспар бойынша 27.11.2025ж 7 сыныптарға «Фотосинтез процесіне әсер ететін факторларды зерттеу» атты зертханалық жұмыс өтілді.

Ө.Жәнібеков атындағы № 4 лицей- интернатында тақырыптық жоспар бойынша 27.11.2025ж 7 сыныптарға «Фотосинтез процесіне әсер ететін факторларды зерттеу» атты зертханалық жұмыс өтілді.

Жұмыстың мақсаты: Көмірқышқыл газының фотосинтез үшін маңызды екенін көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар: бөлме өсімдігі (қазтамақ, жебежапырақ), спиртшам, су моншасы, Петри табақшалар, йод ерітіндісі, спирт, КОН ерітіндісі, термометр, вазелин, химиялық колбалар, пинцеттер, сым өлшемі.

Жұмыстың барысы: Бұл тәжірибені оқушылар 2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіндегі ЖИ ензізудің тұжырымдамалық тәсілдеріне сәйкес «Amrita Olabs Biology» https://www.olabs.edu.in/ платформасында оқулық пен видеолар қолдана отырып виртуалды түрде зертханалық жұмыстар жүргізілді.

І.Жапырақ атмосферада жапырақтың ашылуына жол бермеу үшін КОН ерітіндісіне батырылады және сынақ түтігі мен жапырақтың айналасында көмірқышқыл газын сіңіреді.

ІІ.Спирт хлорофиллді бөліп алу үшін қолданылады және индикаторлық ортаны қолданғанда анық бақылауға мүмкіндік береді.

ІІІ. Йод ерітіндісі бұл үлгідегі көк –қара түстің өзгеруі арқылы крахмалдың бар екенін көрсететін индикатор ретінде қызмет етеді, осылайша фотосинтез процесін көрсетеді.

Зертханалық жұмыстың қорытындысы: Зерттеу барысында крахмал органикалық зат ол суда ерімейді. Сондықтан жапырақты қайнатқанан кейін крахмал хлоропласта қалып оны йод ерітіндісі арқылы анықтады. Өсімдіктердің жапырақтарында крахмалдың пайда болуының міндетті шарты жарық болып табылады. Крахмал йод ерітіндісімен байланысқанда көк-қара түске айналғандықтан, жапырақтың көк-қара болған бөліктері фотосинтездік белсенділікті білдіретініне және хлоропластарда жарық әсерінен крахмал пайда болатынына көз жеткізді.

Қорытындылай келе, виртуалды зертханалық тәжірибелер-бұл шынайы эксперименттер мен компьютерлік модельдеулерді колдана отырып биологиялық процестерді зерттейді. Оқушылар биологиялық табиғи процестер мен құбылыстарды талдап қажетті бақылауларды жүзеге асырады.