Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
ӘЗ-НАУРЫЗДЫҢ бастауы-Амал күнімен шын жүректен құттықтаймыз

ӘЗ-НАУРЫЗДЫҢ бастауы-Амал күнімен шын жүректен құттықтаймыз

Түркістан облысы Отырар ауданы Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернат "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында ӘЗ-НАУРЫЗДЫҢ бастауы-Амал күнімен шын жүректен құттықтаймыз.Амал келгенде амандық білісу-көне заманнан жайғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып,шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп,қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты ,татулық пен мейірімділікті дәріптеп,ұрпақтың бойына асыл сіңіре білген. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы Көрісу ғұрпы қайта жаңғырып,жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі. Әр шаңыраққа шаттық пен қуанышқа кенелсін!