«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді»*
Ұлт зиялыларының мерейтойына орай өңір жұртшылығына арналған тағылымды кітап көрмесі мен бейнероликтер көрсетілімі өтті. Шараның мақсаты — ұлы тұлғалардың рухани мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныстырып, патриоттық тәрбие беру.
Кітап көрмесінде Абай Құнанбаевтың – 180 жылдық, Міржақып Дулатұлының – 140 жылдық, Шоқан Уалихановтың – 190 жылдық мерейтойына орай еңбектері мен өмір жолы таныстырылды.
11-сынып оқушылары Әуезхан Альбина мен Қыдырбай Бақдәулет Міржақып Дулатұлының шығармаларымен таныстырып, ел рухын көтеретін өлеңдерін жеткізді. 7 "Ә" сынып оқушысы Асан Бақберген ақынның өлеңін жүрекпен оқып, көрерменнің ықыласына бөленді.
Абай Құнанбаевтың тұрған үйі туралы бейнеролик көрсетіліп, Тұрсынхан Шұғыла "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа айтты. 6 "Ә" сынып оқушысы Боранбайқызы Еңлік "Көзімнің қарасы" әнін ағылшын тілінде орындап, көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар, Абай аудармалары жайлы 6 "Б" сынып оқушысы Қуанышұлы Ерболат мазмұнды баяндама жасады.
9-сынып оқушысы Есен Ұлназ Шоқан Уалихановтың өмірі мен еңбектері туралы мағлұмат беріп, өз ғылыми жұмысын таныстырды.
Бұл шара – өткенді ұлықтап, келешекке бағытталған рухани көпір іспетті болды.
*Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан ұстаздар қауымына ерекше алғыс білдіреміз:*
– Болатова З.
– Орынбай А.
– Базарбекова Г.
– Шадиева Л.
– Смайылқызы А.
– Құрманбек М.
Олардың бағыт-бағдары мен қолдауының арқасында оқушыларымыз ұлттық рухани мұраға терең бойлап, ұлы тұлғалардың еңбектерін мақтанышпен таныстырды.