Топтық кеңес беру: «Өзін қабылдау – өз құқығыңды таны»
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 7-сынып оқушыларына арналған «Өзін қабылдау. Өз құқығыңды таны» тақырыбында топтық кеңес беру жұмысы жүргізілді.
Кеңес беру барысында оқушылар:
«Өзін қабылдау» ұғымының маңызын түсініп, өз ерекшеліктерін құрметтеуге үйренді;
Жасөспірімдердің құқықтары туралы ақпарат алды;
Өзін-өзі қорғау, пікірін ашық жеткізу және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын талқылады;
Топтық жаттығулар арқылы сенімділік пен өз ойын жеткізу машығын дамытты.
- Шара интерактивті түрде өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, сұрақтар қойып, пайдалы кеңестер алды.