Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында "Тілім менің тірлігімнің айғағы" тақырыбындағы айлықта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құламова Жайна Нұртайқызы 8а сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" тақырыбында әсерлі ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. Сабақта білім мен тәрбие саласының егіз екендігі ескеріліп, ақпан айының "Озық білім, өнегелі тәрбие- жаңашылдық пен жасампаздықтың бастауы екендігі айтылды.
Поэзия әлемінің Асқар шыңы атанған Мұқағалидың өз дауысымен айтылған аудиожазбадан жыр шумақтары тыңдалды. Тақырыпқа байланысты берілген топтық, жұптық тапсырмалар арасында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жас ерекшеліктеріне қарай сергіту сәті (ойын элементтері) жүргізілді.
"Поэзия минуты" әдісімен оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтты. Сабақ соңында "Сұрақтар қоржыны" әдісімен қорытындылау сұрақтарына жауап алынып, кері байланыс берілді.