Ө.Жәнібеков атындағы 4 лицей-интернаты"Тілім менің-тірлігімнің айғағы"атты тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиетінің айлық іс-шарасы аясында Қазақтың XIX ғасырдағы көрнекті жыршы ақындарының бірі,батыр Махамбет Өтемісұлының жырларын насихаттау мақсатында "Тартынбай сөйлер асылмын"тақырыбында 5-10 сыныптар арасында жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: XIX ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырларымен халықты ұлт-азаттық күреске шақырған Махамбеттің ақындық қуатын өлеңдері арқылы кейінгі буынға насихаттай отырып,отаншылдық санасын жастардың бойына дарыту.Өршіл мінезді өлеңдері мен күйлерінің ерекшелігін ашып,олар жөнінде түсінік беру.Рухты ақынның өмірі арқылы жастарды Отанды қастерлеуге шақыру.Тарихта алтын әріппен жазылып қалған Махамбет есімін қастерлеуге баулу,адал азамат болып өсуге тәрбиелеу.Кейінгі буынның қазіргі қазақ поэзиясына деген құштарлығын оятып,рухани тәрбиесін жетілдіру.