Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

18.02.2026 ж. 8 “В” сыныбында «Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – адамның тік жүру қабілетінің ғылыми негіздерін түсіндіру, қаңқа құрылысының ерекшеліктерін талдау және қозғалыстың биомеханикалық заңдылықтарын меңгерту болды.Оқушылар топтық жұмыс жасап, тірек-қимыл жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдады, постер қорғап, өз ойларын ғылыми тілде жеткізе білді. Практикалық тапсырмалар арқылы адам қозғалысының тепе-теңдік сақтаудағы маңызы мен бұлшықет, буын қызметінің үйлесімділігіне ерекше назар аударылды.

Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.