Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы .

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы .

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері мен ұстаздарда атсалысып келеді. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық акция аясында Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты ұстаз, тәрбиеші, кіші қызметкерлер қатысып мекеме ауласындағы арам шөптерден тазартылып, арықтар ашылып, жатахана, асханаға баратын жолдағы ағаш талдар мен жолақтар әктеліп күл қоқыстар шығарылды. Жалпы сенбілікке 100 қызметкеткер қатысты.

– Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе.