«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебіміздің ауласын көркейту және көгалдандыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, мектеп ауласына түймедақ және кан гүлдері егіліп, гүлзарлар ретке келтірілді.
Бұл жұмыстар оқушылардың табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Көгалдандыру жұмыстарына мектеп ұжымы мен оқушылар белсенді түрде қатысып, мектеп ауласының көркеюіне өз үлестерін қосты.





