«Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді
«Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар арық-атыздар тазаланып, тал-дарақтардың түбі әктелді.
Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Осындай игі шаралар ауылдың көркеюіне және табиғатты қорғауға өз үлесін қосады.
Қатысушылар табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, алдағы уақытта да мұндай тазалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.





