Ұлттық құндылықтарды құрметтеп-қастерлеудің көшбасшысы болған мемлекет қайраткері, этнограф ғалым,рух сардары Ө.Жәнібеков атындағы лицей -интернатта "Тәуелсіз елдің ұрпағымыз" атты айлықтың ашылуы өтті.
Әсем әнді әуелете шырқаған Әмина мен Бағжан мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айлықты лицей-интернат директоры Е.Серікбаев ашып,ұстаздар мен оқушыларға ойлы естеліктер мен ізгі тілегін айтып,сәттілік тіледі. 6 "г" сынып оқушылары айлық аясында өтілетін тәрбиелік іс-шаралар бағдарламасымен таныстырды. Іс-шараның жүргізушілері 10сынып жетекшіс Т. Тұяқбаев пен 7- сынып жетекшісі М.Ердіханова жыр шумақтарымен өріп, қабілеттерін байқатты."Жаңашылдық-заман талабы"десек жасанды интеллектіні пайдаланып,Бақдәулет пен Жәудір арнауларын арнап,ұлылар ұлағатын жеткізді.
"Наурыз келді мереке, әкелсін елге береке "-деп ақ жаулықты әжелер мен аналар айлықтың ашылуымен құттықтап, шашу шашты.