Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

"Төтенше жағдайдың алдын алу" бойынша мектепішілік сейсмо жаттығуларын өткізу бойынша мектеп бұйрығы шығарылып, жоспары жасалды.

Бүгін 02.03.2026 ж күні Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында "Төтенше жағдайдың алдын алу" бойынша мектепішілік сейсмо жаттығуларын өткізу бойынша мектеп бұйрығы шығарылып, жоспары жасалды. Мектепте сейсмо жаттығудың алдын-алу штабы құрылды. Атқарылатын жұмыстарға міндеттемелер бекітіліп, тапсырмаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сейсмо жаттығу қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында өткізілген іс-шараға ұжым ер мұғалімдері мен 10-11 сынып оқушыларынан құтқарушы топ құрылды. Сағат 09-30 да"БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА" құлақтандыру дабылы іске қосылды. I-ауысым бойынша 626 оқушы, мектеп ұстаздары мен техперсоналдар түгелдей эвакуациялау жұмыстарына қатысты. Оқу-жаттығу жоғары деңгейде өткізілді. Оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жұмыстар жасалды.