Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «Бақытты балалық шақ!» тақырыбында Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, демалыс кезіндегі оқушылардың су, өрт, жол қауіпсіздігінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы жөнінде 7-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиынға Отырар ауданы Төтенше жағдай бөлімі
№9ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Ө. Меңлібаев пен мектеп инспекторы Б. Қапалбайұлы оқушыларға аудан көлеміндегі рейдтік шаралар мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін айтты. Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С. Тәжібай «Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқып ережелермен таныстырды.