Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау»

«Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау»

«Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау»

Мақсаты: түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау. Болжам: жасушаның су потенциалын зерттесе,онда олардың әртүрлі концентрацияда болатының көруге болады. Құрал-жабдықтар: пияз қабыршағы,микроскоптар заттық және жабын шынылар,сахарозаның концентрлі ерітіндісі,дистельденген су,физиологиялық ерітінді,сүзгі қағаз. Пияздың эпидермис жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылысың зерттеу. Тәжірибе барысында оқушылар заттық шыныға пияздың сылынып алынған қабығын орналастырып,дистильденген су құйып жабын шынымен жауып пияздың эпидермис жасушаларындағы деплазмолиз құбылыс микроскоппен көрді.Бақылауды жалғастырып ,жабын шынысын алмай сүзгі қағаздың ұшымен дистильденген суды сорғызып алып, концентрлі сахароза ерітіндісін тамызып пияздың эпидермис жасушаларындағы плазмолиз құбылысын микроскоппен көрді. Плазмолиз бен деплазмолиз құбылысының су потенциалына тәуелділігіне көз жеткізіп, пияздың эпидермис жасушаларындағы өзгерістер туралы қорытынды жасады. Қорытынды: Тәжірибе нәтіжесінде плазмолиз және деплазмолиз құбылысы су потенциалына тәуелді екеніне көз жеткізіп, жасушадағы өзгерістер осмос қысымына және қоршаған ортадағы заттардың концентрациясына тәуелді болатының білді.