Түркістан облысы, Отырар ауданы,
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатында 03.12. 2024 жылы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында МДТ және 1-11-cынып жетекшілерінің және бірлестік жетекшілерінің қатысуымен мектепішілік семинар өткізіліп онда аталған бағдарламаның мақсаты қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен . патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру, ал міндеттері рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу,азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту, парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру, білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау екендігі, бағдарламада көрсетілген құндылықтар жүйесін педагогтер сынып сағаттарын мақсатты түрде жоспарлауда және күнделікті сабақ мазмұнына кіріктіруде қолдану тәсілдері, білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуда және олардың табысты әлеуметтенуіне, зияткерлік және тұлғалық дамуына, білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйесі білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және сынып сағаттарын жоспарлауда қалай қолдану қажет екендігі туралы әдістемелік нұсқаулықтармен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Салықбай Айдар және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақашева Айнұр түсіндірме жұмыстарын жүргізіп. Жұмыс барысында қолданылу жолдарымен таныстырып шебер сыныптар көрсетілді.