Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

СТРЕССКЕ – ЖОЛ ЖОҚ!

СТРЕССКЕ – ЖОЛ ЖОҚ!

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының 11-сынып оқушыларымен өткізілген психологиялық тренинг пен тимбилдинг ерекше әсер қалдырды!

Тақырып: «Стресті болдырмау және басқару»

Формат: Тимбилдинг + Тренинг

Ұраны: “Сенім, сезім, серпіліс!”

Тренинг барысында оқушылар:

  • Стрестің себептері мен белгілерін танып, оны басқарудың тиімді жолдарын меңгерді
  • Эмоциялық жаттығулар арқылы өз ішкі күйін түсінуге қадам жасады
  • «Алақан ізі», «Қар қиыршықтары», «Қағаз үй» жаттығулары арқылы бір-біріне сенім білдіру, қолдау көрсету, креативпен ойлау қабілеттерін дамытты
  • Тимбилдинг ойындары арқылы бірлік, түсіністік, сенім атмосферасын құрды

Бұл тек тренинг емес —

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖАСАЛҒАН ШЫНАЙЫ САЯХАТ болды.

Әр оқушы өмірде кездесетін күйзеліс сәттерінде өзін қалай реттеу керектігін, жақындарының демеуін сезіну маңызды екенін ұғынды.

Жас түлек!

Алдыңда – үлкен өмір жолы. Ішкі тыныштық, сенім мен сергектік әрдайым серігің болсын!