Құрметті ата-аналар мен бітіруші түлектер!
Сіздерді 25 мамыр күні өтетін бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз. Бұл – мектеп бітірушілер үшін есте қалатын ерекше күн. Іс-шараға ата-аналардың қатысуы аса маңызды екенін ескертеміз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мектепішілік тәртіп пен әділеттілік қағидаларын сақтау мақсатында төмендегі әрекеттерге тыйым салынады:
* Мерекелік шараға аниматорларды, агенттіктер мен студияларды тарту;
* Салтанатты дастархан жайып, кең көлемде тойлау;
* Жалдама автокөліктермен қала немесе ауыл ішіндегі экскурсиялар ұйымдастыру;
* Бітіруші 4, 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
* Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Барлықтарыңызға түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Келе жатқан мерекелік шарада жақсы көңіл-күй мен жарқын естеліктер тілейміз!
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат директоры Серікбаев Ерғали Қазыханұлы