«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» 2026 жылғы 04 ақпан №06-21-142 хатына сай, бітіруші түлектерге «Серпін» мемлекеттік бағдарламасын таныстыру бойынша 13-ақпан күні Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатта Отырар ауданының бітіруші түлектерімен кездесті. Оқытушылар оқу орынының мүмкіндіктері мен қызметтері туралы толыққанды мәлімет берді..
Университетте бакалавриатта — 40, магистратурада — 18 мамандық бойынша кадр даярлау жүзеге асырылады. 2 ғылыми мамандық бойынша доктарантура, 12 ғылыми мамандықта аспирантура жұмыс істейді. Университет 1952 жылдан бері Қазақстанның шығыс өңірлері үшін 50 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Қазіргі күні 8 факультеті мен көпсалалы колледжінде 11 мыңнан астам студент оқиды. 34 кафедрада 800-ден астам оқытушы еңбек етуде. Университеттің білім бағдарламалары таныстырылып, түлектер өз сұрақтарына жауаптар алды. Мамандықтың ерекшеліктері, қоғамдағы алатын орыны туралы түсінік берілді.





