Әсерлі болған тәрбие сағаты, 22-сәуір күні Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатының 2"Ә","Б" сыныптарында Оспанова Гауһар мен Мұратова Ләззат апайдың ұйымдастырумен "Әр отбасы-бір әлем"деген тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. . Мақсаты: "Отбасы" құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымды кеңейту, оны суйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге уйрету, отбасы тәрбиенің мәнін мвғынасын ашып көрсету. Құндылығы: Бірлік пен ынтымақ. Дәйек сөз: Баланың жақсысы-қызық, жаманы-куйік. Негізгі бөлім: Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкелетіні белгілі. Сол отбасының басты қазығы, алтын діңгегі-бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Өйткені, отбасында адам өмірге, ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бирге жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды , халқымыздың салт-дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіреді. Ия, "Отан -отбасынан басталады"-дейді халқымыз. Елдің , ұлттың , жалпы болашағы, даму деңгейі осыотбасынан басталады. Іс-шараға арнайы қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжібай Сержан ағай сондай-ақ ата-аналарымыз Жаппарқұлов Талғат, Еспенбетова Сәуле, Әлішова Ғазиза, Төлегенова Ләззат тәрбие сағатын мазмұнды етіп ұйымдастырған апайлардың жұмыстарына риза болып, жылы лебіз ықыластарын білдірді. Ұл-қыздарымыздың өнерлеріне тәнті болды.
Жаңалықтар
