Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
САПАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН RWCT ТЕХНОЛОГИЯСЫ

САПАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН RWCT ТЕХНОЛОГИЯСЫ

САПАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН RWCT ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2025 жылғы 8 сәуірде Сауран ауданы, Ә. Сығай атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Сапаға негізделген RWCT технологиясы» атты облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты — оқытудың сапасын арттыру мақсатында сын тұрғысынан ойлауды дамыту (RWCT — Reading and Writing for Critical Thinking) технологиясын тиімді қолдану жолдарын меңгерту. Бұл әдіс арқылы оқушылардың белсенділігі мен танымдық қызығушылығын арттыру, өзіндік ойлау, талдау және дәлелдеу қабілеттерін дамыту көзделеді

Семинар-тренингке аудандық білім бөлімдерінің ШЖМ (шағын жинақты мектептер) бойынша жауапты әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты .

Шара барысында Отырар және Сауран аудандарының математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері шеберлік сабақтарын өткізіп, өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Атап айтар болсақ Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей- интернат мектебінен химия пәнінің мұғалімі Бұйрабай Мұхамеджан Бакрамбекұлы “Тағам құрамындағы қоспалардың пайдасы мен зияны” атты тренинг сабақ өтті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мықтыбекова Нұрқыз Сәрсенбекқызы “The importance of Reading in Developing Critical Thinking Through Quality-Based RWCT Technology” тақырыбында жоғарғы деңгейде тренинг сабақ жүргізді.

Семинарға қатысушылар RWCT технологиясын тиімді қолданудың жаңа әдістерін меңгеріп, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға бағытталған практикалық тәжірибелермен танысты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң баға алды.

Түркістан Облысының Білім Басқармасы

Сауран Ауданы білім бөлімі