Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Сакура ағашының гүлін жасау» атты қызықты тәжірибелер көрсетілді.

«Сакура ағашының гүлін жасау» атты қызықты тәжірибелер көрсетілді.

Ө.Жәнібеков атындағы № 4 лицей- интернатында 02.04.2025 жылы күні Жаратылыстану бірлестігінің «Жаратылыс сыры ғылымда» атты айлықтың ашылуында биология пәнінен

«Сакура ағашының гүлін жасау» атты қызықты тәжірибелер көрсетілді.

Тәжірибенің құрал-жабдықтары: түрлі түсті балауыздар,химиялық ыдыстар, су,сұйық сабын. Тәжірибе барысында оқушылар түрлі түсті балауызбен қарақат бұтағына сакура гүлдерін жасады.

Күншығыс елінде көктем мезгілін ерекше құрметпен қарсы алады. Мыңдаған қызғылт,күлгін,ак түске боялған сакураның гүлденуін Жапонияда жалпы жұрт болып ұлттық мереке ретінде тойлайды. Бұл мейрамды жапондықтар «Ханами» деп атайды.

«Ханами» шие ағашының гүлдену кезеңі. Бұл мереке Жапонияда ХІІ ғасырдан бері ерекше атап өтіледі. Сакура баяғыдан нәзіктік пен сүйіспеншіліктің нышаны. Оның қызғылт түсі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Гүлдеу кезеңі ұзаққа созылмайды. Сондықтан «Ханами» мерекесі өте қысқа мерзімді ғажайып сәт небәрі 7-10 күнге созылады,ал кейін гүл жапырақтары түсіп қалады.

Соңғы кездері Оңтүстік астанамызда Жапонияның сүйікті Сакура ағашы жерсініп, гүлдеп тұр.

Биология кабинетінің зертханашысы : Байсеитова К.