Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ—ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара мен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Жақашева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Отырар ауданының Білім Бөліміне қарасты"Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей- интернат" КММ-де 2026 жылғы 20 мамырда " Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыстын мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, су айдынындағы қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын-алу, балалардың жазғы шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың балаларды қадағалауын арттыру. Мектеп бітіруші сыныптардың банкет, кортеж шектеулері мен түлектер қауіпсіздігі туралы бейнероликтер көрсетіліп Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ—ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара мен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Жақашева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.