Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 5-11 сынып білім алушылары арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, зиянды әдеттердің және нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп психологтары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жасырын сауалнама алынды. Сауалнама барысында білім алушылардың психологиялық ахуалы, эмоционалдық жағдайы және салауатты өмір салты туралы ақпараттану деңгейі зерделенді. Оқушыларға зиянды әдеттердің алдын алу, эмоцияны басқару және қиын жағдайда көмекке жүгіну жолдары бойынша профилактикалық кеңестер берілді. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың жалпы психологиялық жағдайы тұрақты деңгейде екені анықталды.





