Оқушыларға цифрлық сауаттылық – уақыт талабы!
Бүгін 11-сынып оқушыларына eGov.kz порталы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сабақ барысында оқушылар:
Электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерімен танысты
Ұлттық куәландырушы орталық арқылы ЭЦҚ (ЗЦП) алу жолдарын білді
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алу тәсілдерін үйренді
Қазіргі таңда eGov Mobile қосымшасы арқылы көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Бұл – уақытты үнемдеудің тиімді жолы.
Мұндай сабақтардың мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи технологияларды тиімді қолдануға үйрету.STEM лобаранты :Қасымова Қ





