Отырар ауданы. Шәуілдір ауылы Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей – интернатында 20.09.2024 ж күні 7-11 сынып оқушылары арасында “Оқушыларға арналған мектеп ережелері" тақырыбында қыздар жиналысы өтілді. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Жиын барысында қыздар ұйымының төрайымы және мүшелері сайланып,мектеп ережесі жөнінде баяндама оқылып талқыланды.Баяндама барысында өнегілі,тәрбиелі қыз бала қандай болу керектігі және қыз өмірдің қызғалдағы,қыздар болашақ ана,бақыт байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігін айтылып алдағы оқу жылында қыздарымызға білімде,өнерде,тәрбиеде жақсы жағынан көрінуге тілек білдірді.