Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатында 10.12.2025ж.күні кәсіптік бағдар беруші педагог Жоребекова Қ ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес 6 «а,в » -сынып оқушыларымен «Мен өскенде кім боламын» тақырыбында тренинг өтілді.Мақсаты: оқушыларға мамандық түрлері,олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып,өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау: түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту,өз пікірін еркін айтып,өзгенің пікірін сыйлай білуге,жүйелі ойлауға баулу.
Оқушылардың өз мүмкіндіктеріне,қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып,мамандық таңдау еркіндігі жайында кеңестер берілді.Оқушылар мамандықтар туралы өз ойларымен пікір алмасты.





