Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянып,білімдерін көрсетіп,белсенділік танытты.

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты «Жаратылыстану» бірлестігі «Жаратылыс сыры -ғылымда» атты химия,биология және география пәндері айлығының жоспарына сәйкес химия пәнінің мұғалімі Шүкірбекова Г 7 «в» сыныбында «Периодтық жүйенің құрылымы» тақырыбында ашық сабағын өтті.Ашық сабақтың мақсаты периодтық кестені ашуға үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін оқып ,периодтық жүйенің құрылымымен танысу,химиялық элементтердің жіктелуін білу, сипаттау. Сабақта түрлі әдіс тәсілдер қолдану арқылы тапсырмалар орындалды.Мақсаттарға жету үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу және идеяларды іске асыру барысында ресурстарды тиімді пайдаланды.Заманауи цифрлық платтформаларды тиімді пайдаланды.Сабақ барысында топтық, жеке жұмыстар орындалды.Сабақ мақсатына жетті.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянып,білімдерін көрсетіп,белсенділік танытты.