Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Оқушылар мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі өте жоғары сала екенін, білім мен мінезді тәртіппен ұштастыратын жауапты мамандық екенін түсініп, қызығушылықтары артып қайтты.

  • Түркістан облысында оқушылар арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын және ерте кәсіптік бағдарлауды ілгерілету жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес, Отырар ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандағы мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттерінің қатысуымен арнайы кездесу жиыны ұйымдастырылды. Кездесуге Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттың бітіруші түлектері де қатысты.
  • Шараның мақсаты – оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап мемлекеттік қызмет саласына бағыттап, олардың кәсіби таңдауына қолдау көрсету және жас буынның мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру.
  • Кездесу жиынға Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы Елеусизов Ашим Кабланович, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Н.Момбек, бас инспектор Р.Рахимов, аудандық білім бөлімі қызметкерлері, мектеп бітіруші түлектер мен жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
  • Кездесу барысында Н.Момбек, Р.Рахимовтар мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, іріктеу кезеңдері, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, үміткерлерге қойылатын талаптар және мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.
  • 2024 жылы университеті GPA-3.52 үздік бітірген Оралхан Айсұлтан Алмасұлы мен 2025 жылы үздік бітірген Қамысбай Нұргүл Сағдатқызы мемлекеттік қызметке конкурстік іріктеусіз қабылданғаны туралы тәжірибелерімен бөлісіп, білімді жастардың мемлекеттік қызметке орналасуына мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, жауапкершілігі мен артықшылықтары туралы пікір алмасты. Мектебіміздің бітіруші түлегі Әшірбай Бүркіт те мемлекеттік қызмет туралы сұрақына нақты жауап алды. Оқушылар мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі өте жоғары сала екенін, білім мен мінезді тәртіппен ұштастыратын жауапты мамандық екенін түсініп, қызығушылықтары артып қайтты.