«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ-де 09.01 - 31.01.2026 ж. күндері «Шежіре» тарих, құқық негіздері пәні әдіс бірлестігінде «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» тақырыбындағы айлық іс-шарасы барысында:14.01.2026 ж. Тарих пәнінің мұғалімі Бердиярова Майраның ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына арналған «Міржақып Дулатов – ұлт рухын оятқан қайраткер» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Алаш қозғалысының рухани көсемі, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, «Алаш» идеясының тарихи маңызы жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы мен еркін пікір алмасуы арқылы кең түрде мағлұмат беру. Міржақып еңбектерінің құндылығын, оның ұлттық бірегейлікті сақтаудағы рөлін талдау. Оқушылардың бойында еліміздің біртуар тұлғасының мұрасына деген қызығушылық сезімін ояту және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар қайраткердің ағартушылық жолы мен саяси еңбектерін жан-жақты талқылап, белсенділік танытты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.





