«Өмірге жауапкершілікпен қара!» тақырыбында интерактивті семинар өткізілді
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 8–11 сынып оқушыларына арналған «Өмірге жауапкершілікпен қара!» атты интерактивті семинар өткізілді.
Шараны педагог-психолог Д.Масанова және мектептің медицина қызметкері О.Сейдрахманұлы бірлесе ұйымдастырып, «Ерте жүктіліктің алдын алу, АИТВ/ЖИТС, жұқпалы аурулар және жыныстық гигиена» бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында оқушыларға бейнематериалдар ұсынылып, өмірлік кейстер, талқылау сұрақтары және интерактивті тапсырмалар қолданылды.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің денсаулық мәдениетін қалыптастыру, алдын алу шаралары туралы түсінік беру және жауапкершілік дағдыларын нығайту.





