Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
 «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.

«Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.

Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатында 26.02.2025ж.күні кәсіптік бағдар беруші педагог Жоребекова Қатира мен сынып тәрбиешісі Оразбаев Қалқаманның ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес 7 «г» -сынып оқушыларымен «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену.Оқушылар қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар туралы өз ойларымен пікір алмасты.