Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Мен және менің дауысым»

«Мен және менің дауысым»

2025 жылғы 06-ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шара жоспары негізінде Түркістан облысы Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 05 ақпан күні жоғарғы сынып оқушыларымен патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Мен және менің дауысым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Болашақ сайлаушылар тәрбие сағаты барысында сайлау заңнамаларының талаптары мен құқықтары туралы кеңінен мағлұматтар алды.