Ө. Жәнібеков атындағы /4 лицей- интернатында педагог- психолог Л.Төлегенованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларында зорлық- зомбылықтың формалары мен жеке шекаралар туралы түсінік қалыптастыру, зорлық- зомбылықты тану және қауіпті немесе қолайсыз жағдайлардағы қауіпсіз мінез- құлық үлгілерін дамыту мақсатында 1-4 сынып оқушылары арасында “ Мен не дұрыс, не бұрыс екен білемін” тақырыбында тренинг сабақ өтілді. Тренинг сабақта ойын әдістері, жаттығулар орындалды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, жеке шекаралардың маңыздылығын түсініп, өзін- өзі қорғау және басқаларды қолдау дағдыларын игерді.