Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатында 12.12.2024ж.күні кәсіптік бағдар беруші педагог- Қ.Жоребекова мен сынып тәрбиеші Ж.Жаппарованың ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес 10 «а» -сынып оқушыларымен «Мектеп түлектері -мұғалім» тақырыбында кездесу кеші өтті.Кеш бұған дейінгі кездесулерден ерекше.Себебі,оқушылар өздері білім алған Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатын әр жылдары бітірген түлектерді ұстаз ретінде қарсы алды. Олар білім саласында қызмет жасап,өз білімдерін шәкірттерге, үйретіп, тәрбиелеуде. Кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері,ұстаздар:
1.Интернат меңгерушісі- Тұрсынбеков Алмас
2 Сынып тәрбиешісі-.Сүлейменова Перизат
3.Аға тәрбиеші – Сарманов Ұланбек
4.Бастауыш сынып тәрбиешісі- Пірманова Жұлдыз
5.Тарих пәнінің мұғалімі – Бекарыстанов Досымбек.
6.География пәнінің мұғалімі- Мажитов Арыстан.
Оқушылардың мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында өткізілген кеш өз мәресіне жетіп,оқушылар қазіргі уақыттағы маңызды сұранысқа ие мамандықтар туралы өз ойларымен пікір алмасты.