Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
"МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"

"МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"

"МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"

Құрметті бүгінгі 1-қыркүйек білім күні мерекесіне келген қонақтармен ата-аналар!

2024-2025 оқу жылының басталуына орай «Мектебім -мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы - білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебімізді 44 сынып жиынтығымен 1-4сыныптар - 351оқушы, 5-9 сыныптар - 514 оқушы, 10-11сыныптар 140 оқушы, жалпы 1005 оқушымен аяқтадық.

«Түркістан облысы бойынша білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің» 2022 жылғы 28 қарашасындағы №908 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес лицей-интернатымыз мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштеріне тоқталар болсам:

- Оқу озаттары – 211 оқушы (23%),

- оқу екпінділері 373 оқушы (40%),

- қанағаттанарлық бағамен аяқтаған 337оқушы (37%).

Жалпы мектеп бойынша білім сапамыз 63%-ды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда (1, 5%) өсім бар.

Қорытынды аттестаттау нәтижесінде 9 сыныптар бойынша -17 оқушы «Үздік аттестат», 11-сыныптар бойынша 8 оқушы «Үздік аттестат» алса, 7 оқушымыз «Алтын белгі» белгісін қорғады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 72 оқушының 72-сі өтініш білдіріп, 44 оқушымыз мемлекеттік грант иегері атанды, яғни 61% -ды құрап отыр.

Оқушылардың пәндік олимпиадалармен түрлі байқауларға қатысу нәтижесі:

Аудандық кезеңде: І орын -32; ІІ орын-23; ІІІ орын-22

Облыстық кезеңде: І орын -5; ІІ орын-7; ІІІ орын-10; Алғыс хат-2

Республикалық кезеңде: І орын -1; ІІ орын-2; Алғыс хат-1

Сонымен қатар биылғы оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған ауыл олимпиадасының облыстық кезеңіне құқық пәнінен 11-сынып оқушысы Сейіт Шапағат (жетекшісі Қанибекова И) қатысып, республикалық кезеңде Алғыс хатпен марапатталды.

Пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадалармен түрлі байқауларға қатысу нәтижесі:

"Дарынды бала-талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадаға 4 мұғалім қатысып, 4 мұғалім І орын иеленді. Облыстық кезеңде «Шахмат» үйрме жетекшісі Сүлейменов Қожахмет І орын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жолаушы Жанбота ІІ орын, орыс тілі пәнінің мұғалімі Тұяқбаев Тілеухан Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық кезеңге «Шахмат» үйрме жетекшісі Сүлейменов Қожахмет қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Сондай-ақ «Өнерлі ұстаз» байқауына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жолаушы Жанбота қатысып, аудандық кезеңнен І орынды иеленсе, облыстық кезеңде жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсілхан Айдана "Әдебиет әлемі" байқауының аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінде бас жүлде иеленді.

Биыл жаңа 2024-2025 оқу жылын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына сәйкес «Жасанды интеллект негізінде интернет-ресурстар мен платформалармен шығармашылық және сыни ойлауды дамыту» тақырыбында бастағалы отырмыз.

Биылғы оқу жылының оқушы контингенті - МАД – 2 топ, 46 сынып жиынтығын құраса, 1-4 сыныптарда - 335 оқушы, 5-9 сыныптар - 528 оқушы, 10-11 сыныптар - 153 оқушы, жалпы 1016 оқушымен. Сынып жиынтығы былтырғы оқу жылынан 2 сыныпқа артты.

Білім ордасының қай - қайсы да білікті маман - кадрлармен ерекшеленеді.

Мұғалімдер саны – 131

педагог-шебер-1;

педагог-зерттеуші-26;

педагог-сарапшы-30;

педагог-модератор-25 мұғалім.

Тәрбиеші: 51

Биылғы жылдың ерекшелігі – «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық білім баяндамасы аясында 2024-2025 оқу жылында іске асырылатын ЖОЛ КАРТАСЫ .

- мектеп асханаларын жаңғырту үшін кезең-кезеңімен 2024 жылы 5 ауданның асханаларын (Отырар ауданынан Ө.Жәнібеков ат. лицей-интернаты) мемлекеттік жеке әріптестік заңы аясында жүзеге асыру жоспарлануда;

- Кадрлар сапасының үлесін арттыру. Мектепті халықаралық СIS, IB сертификаттарын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізу;

- Мектепте мектеп жасындағы балалар үшін «Бала қонақтайтын отбасы» ауылы жобасын іске асыру;

- LessonStudy тәсілін пайдаланып тәжірибелі мамандардың кәсіби жетілуге бағытталған (бірлесіп жоспарлау, қадағалау, талдау) мектепте ресурстық орталықтардың жұмысын жүргізу;

- лицей-интернат мамандандырылған мектептердің үлесін арттыру аясында 2024-2025 оқу жылында жоба тізіміне қосылды.

Мектептің материалдық - техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалануға ерекше мән беріліп, мұғалімдер аудио - кешенді оқу құралдарын пайдалануға қол жеткізіп отыр.

Қорыта келе, «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, білім ордасы балаға тәрбие мен білім беруде аянбай еңбек етіп, тұлға етіп қалыптастыруда қателескен жоқ деп ойлаймын.

Қымбатты оқушылар, ата — аналар және қонақтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!