Маңызды саяси науқан – референдум
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернат ұжымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
Мектеп ұжымы азаматтық жауапкершілікті жоғары деңгейде танытып, референдумның алғашқы сағатында-ақ өз таңдауларын білдірді. Бұл – ұжымның ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық маңызды бастамаларға әрдайым белсенді түрде атсалысатынын көрсетеді.
Білім ордасының педагогтері елдің ертеңіне деген сеніммен, бірлік пен жауапкершілік танытып, референдумға қатысып, азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
- Әрбір дауыс – ел болашағы үшін маңызды!





